Бөлімшелер
Тіркеу кеңсесі
Тіркеу кеңсесі - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барысын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет.
Тіркеу кеңсесінің жетекшісі : Қасымова Фарида Қасымбекқызы
Мекен-жай: Алматы қ, 050063, Жетісу-1,ықшам ауданы 32а үй
Қазақ қатынас жолдары университеті. 1 оқу ғимараты, 204а каб.
Күнделікті жұмыс уақыты: 8 оо-18 00
Телефон: 8-727-376-74-78 (ішкі.537), kups1@mail.ru
1.ТІРКЕУ КЕҢСЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
1.1 Тіркеу кеңсесі жұмысын жоспарлау және талдау;
1.2 Факультеттер үшін академиялық жазбалар құру үрдісін басқару;
1.3 Курстарға тіркеу және қайта тіркеу үрдісін ұйымдастыру;
1.4 Академиялық топтар мен ағымды құру;
1.5 Студенттердің жеке оқу әдісін қадағалау;
1.6 GPA деңгейі мен бағалау саясатын үйлестіру;
Жоғарғы оқу орындарында оқытудың несиелік жүйесін қолдана отырып жүргізілетін оқу үрдісі келесідей нысандарда ұйымдастырылады:
- аудиториялық сабақтар: дәрістер, практикалық сабақтар (семинарлар, коллоквиумдар), зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар;
- аудиториядан тыс сабақтар: студенттердің өзіндік жұмысы, соның ішінде оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін жұмыстар (СОӨЖ), жеке дайындықтар, ИНТЕРНЕТ-сессиялар, бейнеконференциялар, телемкөпірлер;
- оқу және кәсіптік тәжірибе жинақтау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, дипломдық жұмыс (жоба) дайындау;
- студенттердің оқу жетістіктерін бақылау: ағымдағы және аралық бақылау (сабақтардағы сұрақ-жауаптар, оқу пәні тақырыптары бойынша тест жүргізу, бақылау жұмыстары, зерханалық, курстық жұмыстарды қорғау, коллоквиумдар және т.б.), қорытынды бақылау (оқу пәнінің бөлімдері бойынша тест қабылдау, емтихан, тәжірибе жинақтау бойынша есептерді қорғау), қорытынды мемлекеттік аттестациялау (дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау).
- оқытудың кредиттік жүйесі талаптарына сай оқу құжаттарының (студенттің анықтамалық бағдары, жеке оқу жоспары т.б.) формаларын әзірлейді;
- тәжірибе алмасу және кредиттік жүйенің артықшылықтарын толық іске асыру мақсатында кредиттік оқыту мәселелерімен айналысатын мекемелермен, ведомстволармен және басқа да ЖОО-мен байланыс орнатады.
1.7 Статистикалық есеп беруді құру және талдау, студенттердің үлгерімін сараптау;
1.8 Студентті қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және басқару:
- факультеттер мен оқытушыларға оқытушылар туралы жазбаларды сақтау туралы ақпаратты ұсыну;
- студенттің академиялық үлгерімі туралы жазбасын сақтау;
1.9 Оқудың барлық түрі үшін аралық және қорытынды бақылаудың кестесін құру;
1.10 Транскрипт пен диплом қосымшасын беру;
1.11 Эдвайзерлермен, тьюторлармен, админстраторлармен бірлесіп жұмыс жүргізу;
1.12 Диплом құжаттарын алуға және бұйыртпаға тапсырыс беру, диплом, академиялық анықтамалар беру, тіркеу және рәсімдеу оқудан шығарылған және қайта қабылданған студенттердің құжатын дайындау, басқа ЖОО-нан ауысып келген студенттердің құжаттарын қабылдау;
1.13 Студенттердің курстан курсқа көшуін есепке алу;
2.СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ
Студенттердің оқудағы жетістіктері әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша жоғары оқу орындарында білімді бақылау және бағалау бойынша мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына сәйкес бағаланады, ол қалыптасқан бағалау шкаласына аударылады.
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау- академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда студенттердің білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру. Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары 100 балдық шкала бойынша бағаланады
Білім алушылардың аралық аттестаттау- білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім. Студенттерді аралық аттестаттау емтихан тапсыру және сараланған сынақ түрінде өткізіледі
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау- студенттердің білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген пәннің оқу бағдарламасын игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім