Оқуға түсушілерге
Мамандықтар:
- 6М050600 – Экономика
- 6М070200 – Автоматтандыру және басқару
- 6М071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары
- 6М071800 – Электр энергетикасы
- 6M071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- 6М072900 – Құрылыс
- 6М074500 – Көлік құрылысы
- 6М090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
Магистратурада кадрлар дайындау екі бағытта жүзеге асырылады:
- бейіндік;
- ғылыми және педагогикалық.
Оқу мерзімі:
- ғылыми және педагогикалық магистратурада: 2 жыл – барлық мамандықтар бойынша;
- бейіндік магистратура үшін: 1 жыл – «Экономика», «Құрылыс» мамандықтары бойынша және 1,5 жыл – басқа мамандықтар бойынша.
Магистратураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- нотариалды түрде куәландырылған жоғары білім алу туралы құжаттардың көшірмесі;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
- 3,5x4,5 фотосурет - 6 дана;
- өтініш (магистратура және докторантура бөлімінде);
- маман дайындауға арналған келісім-шарт (магистратура және докторантура бөлімінде);
- кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы және нотариалды түрде куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);
- ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
Магистратураға түсушілер келесі қабылдау емтихандарын тапсырады:
- бір шет тілінен (ҚР БҒМ ҰТО жасаған технологиялар бойынша тест түрінде);
- мамандығы бойынша (университет емтихан комиссиясына ауызша тапсыру)
Магистратураға түсушілерден өтініштерді қабылдау – 1-30 шілде аралығында өткізіледі
Магистратураға қабылдау емтихандары – 1-20 тамыз аралығында өткізіледі
Магистратураға қабылдау – 31 тамызға дейін
Құжаттарды қабылдау мына мекен-жайда жүргізіледі:
Алматы қаласы, Жетісу 1 ықшам ауданы, 32 а үй
Телефон 3767478, ішкі 526 (магистратура бөлімі)
Қабылдау емтиханының бағдарламалары
Магистратураға қабылдау Үлгілік ережелері